429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемен тұрғыны көпірден секірмекші болған

  • 120
Өскемен тұрғыны көпірден секірмекші болған

Өскемен тұрғыны Үлбі көпірінен секіріп, өмірімен қош айтыспақшы болды.

Абырой болғанда, оқиға орнына құтқарушылар жетіп, қайғылы жағдайдың алдын алды. Бұл іске төтенше жағдайлар және Полиция департартаментінің мамандары тартылды. 43 жастағы азамат бұл әрекетке неліктен барғанын түсіндірді. Оның әйелі балаларын алып, кетіп қалғаны белгілі болды.

Рустам Магадиев, қалалық Полиция басқармасы патруль батальонының командирі:

– Ер адамның көпірден секіруге әрекеттенгені туралы хабар түсті. Оқиға орнына «Қыран-23» экипажы екі минуттың ішінде жетті. Азаматпен келіссөзге келіп, райынан қайтарды.

Хабар 24 телеарнасы