428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға ұшып келген 150 жолаушы карантинге жатқызылды

  • 120
  • UPD: 12:03, 15.10.2020
Елордаға ұшып келген 150 жолаушы карантинге жатқызылды

Елге ұшып келген азаматтар арасында қолында ПТР тесті жоғы көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін тағы 150 жолаушы Нұр-Сұлтандағы карантиндік стационарға жатқызылды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар хабарлады. Азаматтардан қажет сараптамалар алынды, оның нәтижесі бүгін кешке дейін белгілі болады. Коронавирус бары расталғандары әрі қарай ем алуды жалғастырады.

Еске сала кетейік, Қазақстанға келген әр жолаушының коронавирусқа анықтамасы болуы шарт. Әйтпесе, карантинге алынады. Ал шетелдіктер еліне қайтарылады.

Хабар 24 телеарнасы