427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «B2B Jewelry» ұйымдастырушыларына қатысты тергеу жалғасуда

  • 88
  • UPD: 12:08, 15.10.2020
Алматыда «B2B Jewelry» ұйымдастырушыларына қатысты тергеу жалғасуда

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қалалық прокуратурасының үйлестіруімен зергерлік дүкендер желісін жамылған «B2B Jewelry» қаржылық (инвестициялық) пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес ұйымдастырушылар халыққа сатып алу сомасының 104%-і мөлшеріндегі кэшбэк түрінде ақшаны қайтару кепілдігімен зергерлік бұйымдарды сатқан.

Сонымен қатар сатып алушыларға сатып алынған сертификаттың құны мен пирамидаға тартылған адамдардың санына байланысты жылына 520%  кіріске дейін кепілдік беретін алтын мен күміске арналған сыйлық сертификаттар сатылған.

ЭТД қызметкерлері жүзеге асырған шаралардың нәтижесінде қаржы пирамидасының салымшылары салған 560 млн астам теңге, 303 мың АҚШ доллары және 3 500 Евро тәркіленіп алынды.

Қаржы пирамидасы салымшылардың жалпы саны Қазақстанның барлық аймақтарын қоса есептегенде 10 000 астам адамды құрайды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аясында ҚР ҚК 217 бабының 3-б. 2-т. (аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету)  сәйкес жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Күдікті тұлғаға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

Осыған орай Қаржы мониторингі комитеті осы жобаның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан Комитетке (Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 10) және Алматы қ. бойынша ЭДТ (Жібек-жолы даңғылы, 127 немесе мына телефон нөмірлеріне жүгінуді сұрайды: 87786376213, 87028886449, 87017446040, 87074064945.

Басқа қалалардың тұрғындары ҚР ҚМ  КМҚ аумақтық экономикалық тергеу департаменттеріне хабарласа алады.

Сондай-ақ Украинаның Қауіпсіздік қызметі осыған ұқсас іс бойынша B2B зергерлік пирамидасының негізін қалаушы Никола Гонтқа қатысты тергеу жүргізіп жатқанын естеріңізге сала кетеміз.

 

 

Хабар 24 телеарнасы