432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттік дәрігерлер бензин ішкен баланы құтқарды

  • 120
  • UPD: 14:42, 15.10.2020
Шымкенттік дәрігерлер бензин ішкен баланы құтқарды Otyrar.kz

Ата-анасы аз уақытқа тастап кеткен шымкенттік сәби бензин ішкен.

Бұл туралы Otyrar.KZ басылымы хабарлады.

Нәтижесінде баланың ауыз қуысын, өңешін және асқазанын күйік шалған. Ол жедел жәрдем көлігімен Т.Орынбаева атындағы қалалық гипербарикалық оксигенация орталығына жеткізілді. Дәрігерлер балаға шұғыл көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады.

«Бала емін жалғастырады. Токсикологтар қазір оның жағдайын бақылап отыр. Ол толық қалпына келгенге дейін орталықта болады», – деді гипербарикалық оксигенация орталығының дәрігері Шерзат Октябров.

Бала бүгінде өздігінен тамақтана алады. Дәрігерлердің айтуынша, бірнеше күннен кейін ауруханадан шығуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы