428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин кезіндегі заңбұзушылықтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап тұр

  • 118
  • UPD: 15:31, 15.10.2020

Карантиндік шектеулерге қарамастан еліміздегі той-томалақтар тыйылмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал сауда орталықтары мен дүкендерде санитарлық талаптардың сақталмайтыны байқалады. Қауіпсіздік шараларына қатысты заңбұзушылықтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап тұр. Сондай-ақ Петропавл, Павлодар және Ақтөбе өңірлерінде де санитарлық талаптарды бұзған мекемелер жауапқа тартылды.

Петропавлда 700-ден астам адам санитарлық талаптарды бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Оларға 6 жарым млн теңге айыппұл салынған. Осыған байланысты полицейлер мен санитар мамандар қала бойынша рейдік шараларды күшейтіп отыр. Бұл жолы тексеру тобы дүкендер мен ірі сауда орындарын аралады. Ал демалыс күндері мейрамханалар мен көңіл көтеретін орындарға барады.

Павлодар облысында карантин режимін бұзудың 400 дерегі тіркелді

Олардың басым бөлігін волонтерлер анықтаған, деп хабарлайды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, мониторингтік топтардың жұмысы жемісін беріп отыр. Бүгінге дейін бес мыңнан астам рейд шарасы өткізілген. Волонтерлер түсіндіру жұмыстарын қолға алған. Халықты карантин режимінің талаптары туралы ақпараттандыру мақсатында «Жақыныңа жақын бол» акциясы ұйымдастырылды. Үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері адам көп жиналатын орындарда болып, пандемия кезіндегі ережелерді сақтауды еске салды. Жастар жадынамалар таратып, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтау туралы құлағдар етті. Жасқайрат Қайыров, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары: - Бір күннің ішінде карантин реимін бұзудің үш дерегі тіркелді. Ойын-сауық орындары жұмыс істеген. Тексеріс барысында бір жерде 50 адам жиналған. Оларға қатысты хаттамалар толтырылды. Бұл бағыттағы жұмыстарға волонтерлер атсалысуда, көмектері зор. Бүгінда аймағымызда жеті волонтерлі кжасақ бар. Олардың мүшелігінде 400-ге жуық белсенді бар. Ернұр Нығманов, волонтер: - Волонтерлер үшін нұсқама бар. Оларды орындауға тырысамыз. Біз алғашқы медициналық көмек көрсетуге де машықтанып алдық. Бұл кез келген уақытта аса маңызды дағды.

Ақтөбеде карантин тәртібін бұзған мейрамхана анықталды

Ақтөбеде түн ортасында жұмыс істеген мейрамхана анықталды. Карантин талабын ескермей, көпшілікке қызмет көрсеткен ғимарат туралы полицияға жергілікті тұрғындар шағым түсірген. Тәртіп сақшылары мейрамханаға жеткенде онда 20 шақты адам көңіл көтеріп отырған. Мейрамхана әкімшілігінің бұл әрекеті әшкереленіп, құжаттар жауапты органға берілген. Кәсіп иесіне үлкен көлемде айыппұл салынуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы