432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада карантинді бұзғандарға 138 781 098 теңге айыппұл салынды

  • 148
  • UPD: 14:55, 15.10.2020
Елордада карантинді бұзғандарға 138 781 098 теңге айыппұл салынды Елорда әкімдігі

Елордада карантинді бұзушыларды анықтау бойынша рейдтер жалғасуда, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

14 қазанда 53 нысанға мониторинг жүргізіліп, 13-інде бұзушылықтар анықталды. Көбіне қоғамдық тамақтану, сауда орындары, сұлулық салондары, компьютерлік клубтарда ережелер сақталмайды. Онда сатушылар мен келушілер қашықтық пен маска тағу тәртібін елемейді. Антисептиктер, дезинфекция төсеніштері жоқ, нысанның кіреберісінде келушілер термометриясы жүргізілмейді.

Барлық бұзушылықтар бойынша Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы қызметкерлері хаттама толтырады. Кейін материалдар қарау және әкімшілік шаралар қолдану үшін Нұр-Сұлтан қалалық ТҚСҚБД аудандық бөлімдеріне жіберіледі.

Елордада сегіз мобильді топ жұмыс істейді. 5 шілдеден бастап 1973 нысанға мониторинг жүргізілді. Оның ішінде тамақтану орындары – 873, коммуналдық қызметтер – 276, балабақшалар – 50, мектептер – 130, денсаулық сақтау – 50, сауда – 390, өндірістік – 4, өндіріс – 79, басқа нысандар (компьютерлік клуб, бильярд, лотерея клубы, интернет клуб, кинозал, кальян бар, гүл дүкені, фитнес және т.б.) – 117 және бірқатар әлеуметтік нысан тексерілді.

Осылайша 634 жеке, лауазымды және заңды тұлғалар жалпы сомасы 138 781 098 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы