432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда сұрықсыз көшелер көбейіп барады

  • 146
  • UPD: 15:52, 15.10.2020

Ала жаздай ескірген жылу және су жүйелерінің жыртығы жамалды, ауыстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда құрылысқа жауапты мекемелер қазған аумақтарды қалпына келтіруге мүлдем салғырт. 

Жазда Тілендиев көшесінде жылу және кәріз жүйесі жөнделді. Бірақ Төле би көшесімен қиылысқан жерінде асфальт жамылғысы әлі де толық төселмеген. Қаланың орталығы әрі негізгі көшенің бірі болған соң, бұл жерде көлік көп жүреді. Ал сапасыз жасалған жол кептеліс туғызады. Бағдаршамның жасыл түсі жанып тұрса да, көшеден өту қауіпті. 

БЛИЦ:

– Істейді де, тастап кетеді. Бір ай жатады. 10-15 күн жатыр. Мысалы, қаланың көп жерінде осындай жағдай. Бастағаннан кейін тезірек бітірсе, онда құп болар еді.

– Көшені баяғыдан жөндеу керек. Қанша миллион ақша кетіп жатыр. Жөндеу керек көшені.

Жылда Алматыдағы көшелер мен аулаларды қалпына келтіру үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді. Бірақ сол ақша  дұрыс игеріліп жатыр ма? Мысалы, Алатау, Медеу, Наурызбай аудандарында 80-ге жуық көше күрделі әрі ағымдағы жөндеуді талап етеді. Жол жөндеушілердің жұмысын қатаң қадағалау қажет дейді тұрғындар. Әйтпесе міндетіне жүрдім-бардым қарайтындар азаятын емес. Десе де жұмысты сапасыз істеген алты мердігер мекеме мен серіктестік ҚР Әкімшілік құқық-бұзушылық кодексінің 312 бабы бойынша жауапқа тартылды.

Олжас Төлеубаев, қалалық қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

- Бүгінгі таңда Алматы қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, ертеректе жолды ашық әдіспен кесіп өтсе, бүгінгі таңда ондай жұмыстар тоқтатылды. Жауапкершілік күшейтілді. Енді ашық әдіспен көшелерді, магистральді көшелерді болсын өтуге болмайды. Тек қана тесу әдісімен өту керек. Сол жағынан жауапкершілік мердігерлерге қатысты күшейтілді. Ол қатаң бақылауда.

Ол компанияларға жалпы көлемі 8 млн теңдеген астам айппұл салынды. Егер алдағы уақытта да берген жұмысты дұрыс атқармаса, компания лицензиясынан айырылуы мүмкін.

Авторлары: Алмас Садуақас, Әбен Нарынбаев

Хабар 24 телеарнасы