432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да 16 қазаннан бастап карантиндік шектеулер қатаңдатылады

  • 165
  • UPD: 16:45, 15.10.2020
СҚО-да 16 қазаннан бастап карантиндік шектеулер қатаңдатылады фото: uza.uz

Солтүстік Қазақстан облысында 16 қазаннан бастап карантиндік шектеулер қатаңдатылады.

Бұл туралы СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендердің, моншалар мен сауналардың жұмысы сағат 22.00-ге дейін қысқарады.

Қоғамдық тамақтану орындарында келушілер саны 50-ден 30-ға дейін қысқарып, сағат 22.00-ге дейін ғана жұмыс істейді.

Штатта 30-дан артық адам болған жағдайда 50% кем емес қызметкерлер қашықтан жұмыс істеулері тиіс.

Демалыс және мереке күндері мына нысандар уақытша жабылады: жабық киім-кешек базарлары, азық-түлік емес тауарлар сататын жабық базарлар, спорт нысандары, фитнес және тренажерлік залдар, бассейндер, білім беру орталықтары, үйірмелер, туризм нысандары мен сауда, ойын-сауық орталықтары, аумағы 500 шаршы метрден асатын азық-түлік емес тауарлар дүкендері (оларда орналасқан азық-түлік нысандары мен дәріханаларды қоспағанда).

Демалыс күндері қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтап, саябақтарға, бақтарға, өзен-көлдердің жағасына барып демалуға тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы