432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда Каспий теңізінің жағалауынан басталған өрт қаупі сейілді

  • 140
  • UPD: 18:30, 15.10.2020
Атырауда Каспий теңізінің жағалауынан басталған өрт қаупі сейілді

10 қазан күні автокөліктен тұтанған өрт қамысқа тиіп, 72,4 гектар жерді шарпыған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атырау қаласының оңтүстік-батысын қамтыған қалың түтін мен күйік исі қалалықтардың наразылығын туғызды. Тілсіз жауды ауыздақтаудың ұзаққа созылуын мамандар «жел бағытының жиі өзгеріп, және жанған аумақтың батпақты болуынан өрт сөндіруші техникалар жете алмады», дейді. Қазір 55 адам мен 7 техника және өрт сөндіргіш тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Негізгі ошақ сөндірілді. Абырой болғанда, ешкім зардап шегіп, жарақат алмаған. Тілсіз жаудан келген шығынды арнайы комиссия есептейді. Ал төтенше жағдайлар қызметі апта аяғына дейін кезекшілік атқарады.

Омар Бержанов, облыстық ТЖД басшысы:

- Екі күннен бері Ми-171 «Қазавиақұтқару» АҚ Атырау филиалының тікұшағы сөндіруде. Жоғарыдан бүгінгі күнге 37 рейс жасап, 110 тонна су құйды. Оның сыйымдылығы 3 тонна алады. Суды теңізден терең жерден алып жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі күні ұзындығы 150, ені 5-7 метр жер жанып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы