428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да короновирус жұқтырғандар саны күннен күнге көбейіп барады

  • 92
  • UPD: 18:37, 15.10.2020
СҚО-да короновирус жұқтырғандар саны күннен күнге көбейіп барады

Солтүстік Қазақстан облысында короновирус жұқтырғандар саны күннен күнге көбейіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен соңғы аптада өңірде 40 адам дертке шалдыққан. Оның бесеуі көрші Ресей елінен келгендерден анықталып отыр. Осыған байланысты өңірде ертеңнен бастап карантин талаптары күшейтіледі. Яғни, адам көп шоғырланатын жерге баруға тыйым салынды. Сауда орындары, монша мен фитнес орталықтарының жұмыс уақыты қысқартылды. Ал тамақтану орындарындағы адам саны 30-дан аспауы тиіс. Сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Жалпы айта кету қажет, бүгінігі күні облыста 6 елді мекен карантинге жабылған.

Меруерт Атамбаева, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы:

- Жабық, ашық базарлар, спорт орталықтары, фитнес орталықтары, үйірмелер демалыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Жұмысшылардың саны 30-дан асатын мекемелер де қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшіріледі. Эпедемиологиялық жағдай одан әрі ушығатын болса, онда одан да қатты карантиндік шараларды қолдануға мәжбүр боламыз.

Хабар 24 телеарнасы