429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда Ресейден әкелінген көліктерге жалған құжат жасағандар ұсталды

  • 162
  • UPD: 18:51, 15.10.2020
Түркістанда Ресейден әкелінген көліктерге жалған құжат жасағандар ұсталды

Түркістан қаласында Ресейден әкелінген көліктерге «техникалық байқаудан өтті» деп жалған құжат берген күдіктілердің ісі әшкере болды.

Бұл туралы полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың өздері хабарлаған. Полиция қызметкерлері қаладағы дүңгіршектердің бірінен Ресейден әкелінген көліктерге жалған құжат беріп отырған екі күдіктіні ұстады. Екеуі де жергілікті тұрғындар болып шықты.

Құрманбек Сахов, облыстық ПД бастығының орынбасары:

- Аталған жайт ҚР ҚК-нің 385-бабы 2-бөлігімен тіркеуге алынды. Айғақты зат ретінде олар жұмыс істеген дүңгіршектен жалған құжаттар алынды. Сонымен қатар олардың қанша құрбаны бар екені және басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы