432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы полицейлері тұрғындарға карантин талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндірді

  • 117
  • UPD: 19:01, 15.10.2020
Алматы полицейлері тұрғындарға карантин талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндірді

Өткен тәулікте Алматыда 10 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалада ауру жұқтыру жағдайлары күн сайын тіркелуде. Полиция қызметкерлері тұрғындарға карантин талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, рейд жүргізді. Алматыда 26 мониторингтік топ күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Айта кетейік, бетперде тақпаған азаматтарға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Бұл 83 мың теңге шамасында.

Манап Саттаров, Алматы қ. ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы:

- Бетпердені мүлдем тақпайтындар көбейіп кетті. Осыған байланысты қазір қала бойынша қазір рейд жүріп жатыр. Адамдар көп жиналатын демалыс орындарында және қоғамдық көліктерде күндіз-түні түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Осы айдың ішінде 189 мейрамхана, мекемелер, кафе барлар тексеріп, ондағы 29 кәсіпкерлерге айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы