427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алмтыда «Қоғамдық бақылау» туралы заң жобасы талқыланды

  • 93
  • UPD: 23:15, 15.10.2020

Елде «Қоғамдық бақылау» пайда болады.

«Қазір заң жобасы дайындалып жатыр», - деді бүгін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездескен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева. Кездесуде Қоғамдық бақылаудың мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастық механизмдері және оны заңнамалық тұрғыдан бекіту жайы талқыланды.

«Заң жобасы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтықтығын қамтамасыз етуі керек. Сондықтан Қоғамдық бақылаудың құзыреті жоғары болу керек», - дейді жиналғандар. Алматылық белсенділер қолданыстағы «Қоғамдық кеңес» туралы заңға да өзгерістер мен түзетулер енгізу керек екенін айтты. «Себебі, кеңес мүшелерін сайлауда ашықтық болса және даулы мәселелерге байланысты сарапшылар тарту үшін бюджеттен қаржы қарастырылса» дейді. Олар квазимемлекеттік компаниялардың ішінен Қоғамдық кеңес ашуды ұсынып отыр.

Рахман Алшан, қалалық қоғамдық кеңес төрағасы:

- Олар айтады, «сендерге қарамаймыз, сендерге бағынбаймыз», дейді. Біз енді квазимемлекеттік біраздарына хат жазамыз ғой, келмейді. Жауап берсе, әрең жауап беретіндері бар. Ал, құжат заңды болатын болса, мінекей, сендер заң бойынша жауап берулерің керек. Енді қазіргі қоғамдық бақылау жөніде ұсыныс бұл келсін мынаған, сәйкес болсын. Ертең Қоғамдық кеңестің заңымен, Қоғамдық бақылау заңы екеуі бір-біріне қайшы келмесін. Біз қалай пайдаланамыз, біздің құқығымыз ана заңда ескеріледі ме, ескерілмейді ме дегендей.

Ақпарат және Қоғамдық даму министрі Аида Балаева бұл екі заңға қатысты пікірлер барлық өңірлерде талқыланатынын айтты. Ал, «Қоғамдық бақылау» туралы заң жобасы қараша айында Парламенттің қарауына жолданады.

Хабар 24 телеарнасы