428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жезқазғанда дәстүрлі «Тұлға» сыйлығы табысталды

  • 137
  • UPD: 23:49, 15.10.2020

Жезқазған қаласында дәстүрлі «Тұлға» сыйлығы табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған игі шара Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойларына арналды. Сонымен белгілі меценат Бекзат Алтынбеков тағайындаған жүлделер биыл кімдерге бұйырды?

Ардақ Асылханұлы, тілші:

- Игі шара Жезқазған төрінде осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. «Тұлға» сыйлығын тағайындаудағы негізгі мақсат – еңбегімен ел құрметіне бөленіп жүрген әр саланың үздіктерін анықтап, құрмет көрсету», - дейді шараны ұйымдастырған белгілі меценат Бекзат Алтынбеков.

Бекзат Алтынбеков, шараны ұйымдастырушы:

- «Тірісінде жақсысы жоқ, өлгенінің жаманы» жоқ деп жатады ғой. Жақсы адамның барлығын тірісінде бағалап, құрметтеу негізгі парызымыз деп есептеймін. Әр саланың өзінің қалыптасқан тұлғалары бар. Біз соларды тек мойындауымыз керек, халықтың алдында ерекше құрмет көрсетуіміз керек деп есептейміз.

«Тұлға» сыйлығы биыл 5 аталым бойынша тағайындалды. Әдебиет, өнер, білім беру, ақпарат салаларын дамытуға және ұлтаралық татулықты нығайтуға қосқан үлесі үшін үздік бестік ақшалай сыйлықпен марапатталды. Олардың қатарында халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақиық ақын Серік Ақсұңқарұлы, қазақтың белгілі актрисасы Меруерт Өтекешова, білім беру ісінің құрметті қызметкері Шағангүл Алдамжарқызы бар.

Байқал Байәділ, К.Смайлов атындағы жүлде жеңімпазы:

- Қазақтың атымтай жомарттығы өнердің адамдарына, қоғамға еңбек сіңіріп жүрген қайраткерлерді қанаттандырады, рухтандырады деп ойлаймын. Осының бәрі ұлттың ұйысуына істеліп жатқан еңбек.

Бұл күні сондай-ақ Ұлытау, Жезқазған өңірінен шыққан танымал тұлғалардың атындағы 19 атаулы сыйлық өз иелерін тапты. Мерекелік кеште жергілікті өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Аслан Демесбаев

Хабар 24 телеарнасы