428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертеңнен бастап Ақмола облысында шектеу шаралары күшейтіледі

  • 102
  • UPD: 22:16, 15.10.2020
Ертеңнен бастап Ақмола облысында шектеу шаралары күшейтіледі

Ертеңнен бастап Ақмола облысында да шектеу шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, жасы 65-тен асқан адмадар сыртқа шықпағаны абзал. «Себебі, соңғы күндері коронавирусқа шалдыққандардың көбі егде жастағылар», - дейді эпидемиологтар. Сондай-ақ ұжымдағы қызметкерлер саны 30-дан асатын мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелер, жұмысшылардың 80%-ін қашықтан еңбек етуге көшіруі тиіс. Ал, сенбі-жексенбі күндері ғибадат орындары мен қоғамдық көліктердің жұмысы толықтай тоқтатылады. Көпшілік тамақтану орындары тек 22:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Ал, ірі сауда орындары мен базарлар демалыс күндері түгел жабылады. Шектеу шараларын күшейтуге вирус жұқтырғандардың 28%-ке көбеюі себеп.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

- Егер 8-і мен 14 қазан аралығында бізде 42 адам тіркелсе, алдыңғы аптада бұл көрсеткіш 30 адам болатын. Осыған орай локдаун енгізіп отырмыз. Екі апта бақылаймыз. Жағдай түзелмесе, карантин шараларын одан әрі күшейтеміз. Осыған дейінгі жүргізілген рейдтер көпшілік орындарда санитарлық талаптардың сақталмайтынын, ал ауруға шалдыққандардың көбі халық көп жиналатын жерлерге барғанын көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы