427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл сайын 70 мың ЖОО мен колледж түлегі жұмыссыздар қатарын көбейтеді

  • 116
  • UPD: 23:14, 15.10.2020
Жыл сайын 70 мың ЖОО мен колледж түлегі жұмыссыздар қатарын көбейтеді

Жыл сайын колледж бен жоғары оқу орнын тәмәмдаған 70 мың түлек екі қолға бір күрек таба алмай, жұмыссыздар қатарын көбейтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл орайда сұранысқа сай маман даярлаудың алдын ала жоспарын құру қажет. Баспана мәселесін де оңтайлы шешу үшін «7-20-25» және «Шаңырақ» бағдарламаларын қайта қараған абзал. Бүгін Қазақстан Халықтық коммунистік партиясының Ақтөбе облыстық филиалының өкілдері жергілікті білім басқармасы мамандарымен кездесіп, түйткілді мәселелерді қозғады. Жиында жастарды жұмыспен қамтамассыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарлама жүйелі болуы жайы да айтылды. Партия мүшелері «ауыл-аймақтағы мамандар тапшылығын жою үшін бір жолғы төлем мәселесін Үкімет қайтадан назарына алғаны жөн», - дейді.

Алтынай Жетпісбаева, ҚХКП облыстық филиалының екінші хатшысы:

- Біздің ұсыныстарымыз – жастарға бағдарламаларды оңайлату. Яғни жеңіл несиелер беру. Сонымен қатар ЖОО мен жұмыс беретін кәсіпорындар арасында әріптестік келісімшарттарға отыру. Яғни, болашақта оқу бітіргенде сол жерлерге жұмысқа орналасу мақсатында.

Хабар 24 телеарнасы