428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл халқының тұрмысын түзеу қажет – «Ауыл» партиясының өкілдері

  • 96
  • UPD: 23:56, 15.10.2020
Ауыл халқының тұрмысын түзеу қажет – «Ауыл» партиясының өкілдері

Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның көркеюі.

«Еліміздегі барлық әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешудің бірден бір жолы – ауыл халқының тұрмысын түзеу»,- дейді «Ауыл» партиясының өкілдері. Батыс Қазақстан облысындағы ауыл тұрғындарымен кездескен партия мүшелері өзекті мәселелерді шешу бойынша өз ойларын ортаға салды. Мәселен, Покатиловка ауылы тұрғындары үшін табыс көзі ауласындағы малы ғана. Одан алатын азын-аулақ өнімдерін қалаға апарып өткізіп амалдайды. Ал, «Ауыл» партиясы мүшелері «тығырықтан шығудың бірден-бір жолы – сервистік-тұтыну кооперативтерін құру», дейді.

Дмитрий Нарушев, шаруа қожалығының басшысы:

- Сауған сүтіміздің өзіндік құны әр литріне 170 теңгедей. Бірақ 120 теңгеден сатуға тура келеді. Дайын өнімімізді өткізуде кедергі көп, қалаға апарамыз, көтерме сатып алатын адам іздейміз. Сондықтан қымбатқа өткізгіміз келеді. Өйткені осының есебінен күн көріп отырмыз ғой.

Төлеутай Рахымбеков, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары:

- Ең басты проблема қандай десем, өндірілген өнімді сату. Ол кез келген бизнестің түрінде болады. Бәрінде сұраныс болу, өткізетін жағдай болу керек. Оны сата алмайтын себебі, бізде майда-майда шаруашылық өте көп. Қазақстан бойынша статистикаға сүйенсек, 220 мың шаруа қожалығы бар. 17 мыңдай заңды тұлғалар бар. Бұлардың сыртында 1,7 миллион отбасылық шаруашылықтар бар. Бұлардың барлығы өнімін өндіріп отырған шаруашылықтар. Кооперация арқылы жасауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы