432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында 200 мың тұрғын МӘМС жүйесінен тыс қалған

  • 113
  • UPD: 08:12, 16.10.2020
Қостанай облысында 200 мың тұрғын МӘМС жүйесінен тыс қалған

Қостанай облысының 200 мыңнан астам тұрғыны әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмеген болып шықты.

Денсаулығын сақтандырмағандар қатарында шетелде білім алып жүрген студенттер, Қазақстанда ықтиярхат бойынша тұрып жатқан зейнеткерлер мен жалдамалы жұмыскерлер бар. Соңғылары медициналық жеңілдіктерден жұмыс берушінің салғырттығынан қағылған. Яғни олар сақтандыру қорына ақша аудармай келеді. Ай сайын түсуі тиіс төлемдер тоқсанына бір рет қана аударылып жатқаны анықталды. Ал бұл жұмыскерлерді емханаларда белгілі бір қызмет түрлерін тегін алу құқығынан айырады.

Сәуле Аймұхамбетова, әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры:

- Тұрғындар түсімдердің болмауына байланысты хабарласып жатады. Мәселен, қаңтар немесе ақпан айларының сомасы наурызда бірақ түсуі мүмкін. Сәйкесінше сақтандыру мәртебесін жоғалтады. Себебі соңғы үш ай бойынша қарыз жиналып қалған. Бұл мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы