432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ералы Тоғжанов елордадағы әуежай жұмысын тексерді

  • 114
  • UPD: 11:01, 16.10.2020

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының жұмысын тексерді.

Арнайы топ жолаушылардың әуе лайнерінен түсуінен бастап, дене қызуын өлшеу, сауалнама жүргізу сынды кешенді шаралардың орындалу барысын назарға алды. Себебі халықаралық рейстермен келетін азаматтар арасында ПТР тестіден өтпеу деректері көбейді. Тек өткен тәулікте  Нұр-Сұлтанға ұшып келген  533 жолаушысының 118-інде Ковид-қа анықтамасы жоқ болып шықты. Олар екі тәулікке карантиндік стационарға жатқызылды. Осы орайда Ералы Тоғжанов қадағалаушы органдарға санитарлық талаптардың орындалуын  қатаң бақылауды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы