428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері қанша адам жол апатынан көз жұмды

  • 66
  • UPD: 10:02, 16.10.2020
Жыл басынан бері қанша адам жол апатынан көз жұмды

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде 8,9 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,2% аз.

Өткен жылдың осы кезеңінде 11,5 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлады ranking.kz.

Аймақтар бойынша айтатын болсақ, жол-көлік оқиғаларының төрттен бірі оңтүстік астанамызда болған: 2,2 мың оқиға, дегенмен бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 34,9% аз.  Апат саны көп болған өңірлер үштігіне Алматы облысы (1,5 мың жол апаты) және Жамбыл облысы (660 жол апаты) кірді.

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жол апаттарынан 13 мың адам зардап шекті, өткен жылмен салыстырғанда 22,7% аз. Оның ішінде 11,8 мың адам жарақат алды, олардың 6,6 мыңы ер адамдар, 5,1 мыңы әйелдер, 2 мыңы кәмелетке толмағандар.

Жыл басынан бері жол апаттары салдарынан 1,3 мың адам көз жұмды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 18,5% аз. Оның ішінде 948 ер адам, 315 әйел және 114 кәмелетке толмаған балалар бар.

Хабар 24 телеарнасы