427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанаға шетелден ұшып келген 132 адам карантинге жатқызылды

  • 69
  • UPD: 11:35, 16.10.2020
Астанаға шетелден ұшып келген 132 адам карантинге жатқызылды

Өткен түні елорда әуежайына шетелден 5 ұшақ келіп қонды. Халықаралық рейстерді Air Astana, Turkish Airlines және FlyDubai әуе компаниялары орындаған.

Елге келген жолаушылардың жалпы саны 573.  Басым бөлігінде ПТР-тест анықтамасы бар және нәтижелері теріс.

«Сондықтан үйлеріне қайтарылды» дейді әуежай өкілдері. Ал 132 жолаушы карантиндік стационарға жіберілген. Олардан алдағы уақытта тест сынамалары алынуы тиіс. Сондай-ақ бүгін 4 жолаушы ПТР анықтамаларының мерзімі өтіп кетуіне байланысты елдеріне кері депортацияланды.

Хабар 24 телеарнасы