432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында карантин шаралары күшейтілді

  • 141
  • UPD: 12:31, 16.10.2020

Ақмола облысында бүгіннен бастап карантиндік тәртіп күшейтілді. Енді сауда ойын-сауық орталықтары, дүкендер мен жабық базарлар демалыс күндері жұмыс істемейді.

Ал жұмыс күндері тек кешкі сағат жетіге дейін қызмет етеді. Бұл талап халыққа қызмет көрсету орталықтары мен діни нысандарға да қатысты. Ал қоғамдық тамақтану орындары көп дегенде бір мезетте 30 адамды қабылдай алады. Мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйым қызметкерлерінің 80 проценті қашықтан жұмыс істейді. Ал жасы 65-тен асқан азаматтардың көшеге шығуы шектеледі. Өйткені вирус жұқтырғандардың едәуір бөлігі - егде жастағы адамдар. Ресми дерекке сай соңғы аптада өңірде Ковид-19 індетін жұқтыру бойынша 42 жағдай тіркелді.

Вирусты жұқтыру деңгейінің өсуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысында да карантин күшейтілді. Бүгіннен бастап өңірде сауда орталықтары мен дүкендердің, қоғамдық монша мен сауналардың жұмыс істеу кестесі өзгертілді. Енді аталған нысандар кешкі сағат 10-ға дейін қызмет етеді. Ал демалыс күндері жабық болады. Сонымен қатар, сенбі мен жексенбі күндері қоғамдық көлік тоқтайды. Саябақтар мен жағажайларға баруға болмайды. Кафе мен мейрамханалар тамақты мекенжай бойынша жеткізеді.

Хабар 24 телеарнасы