Әлеуметтік желілерде Алматыда бір топ жастың төбелесінің видеосы тарады.
Қалалық полициясы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Видеоның сипаттамасында төбелестің қала ортасындағы «Қазақстан» қонақ үйіне қарама-қарсы жерде болғандығы айтылған.
– Төбелес Алматы қаласының Медеу ауданының аумағында болған. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелес кешті бірге өткізген таныс адамдар арасында болғаны анықталды. Барлық бұзақылар ұсталып, полицияға жеткізілді. Әрқайсысының іс-әрекетіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрі қарайғы шара қолдану үшін құқықтық баға беріледі, – деп түсіндірді Алматы қалалық полиция департаментіндегілер.