427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс күндері елордада ауылшаруашылық жәрмеңке өтеді

  • 101
  • UPD: 12:31, 16.10.2020
Демалыс күндері елордада ауылшаруашылық жәрмеңке өтеді Елорда әкімдігі

17-18 және 24-25 қазан күндері «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Жәрмеңкеге «Магнум» ірі сауда желісі және жемістер мен көкөністерді көтерме жеткізушілер қатысады.

Жылқы еті 1900 теңгеден (қазы, жая килограммы 2100 теңгеден) және сүт өнімдерін Қарағанды мен Ақмола облыстарының шаруа қожалықтары әкеледі. Күркетауық етін Ақтөбе облысының шаруа қожалықтары, сиыр етін килограмы 1700 теңгеден «Мясной Союз» жеткізеді.

 Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының өндірушілері тұтынушыларға бірінші және ең жоғары сұрыпты ұн, рапс және күнбағыс майын ұсынады. Балды Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының омарташылары әкеледі. Көкөніс өнімдерін - қырыққабат, сәбіз, қызылша, пиязды Ақмола облысының өндірушілері сататын болады.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі өңірлерден азық-түлік өнімдерін делдалдарсыз, тікелей өндірушілерден алатындығын айтады ұйымдастырушылар.

Келушілер санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек.

Хабар 24 телеарнасы