432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада карантин талаптарын бұзу тыйылмай тұр

  • 89
  • UPD: 15:15, 16.10.2020

Елордада карантин режимінің сақталуын 8 мобильді топ бақылайды. Оның мүшелері күнде рейд жүргізіп, 30-70 нысанды тексереді.

Нәтижесінде 1 мың 973 әкімшілік заңнаманы бұзу дерегі анықталып, 138 миллион теңгеге 1 мың 360 хаттама толтырылды. 634 кәсіпкер жауапқа тартылып, 535-і айыппұл төледі. Осыған қарамастан кейбіреулері карантин талаптарын қайта бұзып жатады.

Мәселен, елордалық көңіл көтеру орындарының бірі 11 рет ереже бұзған. Сондай-ақ бақылаушы топтар дәрі-дәрмек бағасын шарықтатып немесе мүлдем лицензиясыз жұмыс істеп жүрген дәріханаларды анықтаған. Осындай 102 нысанға жалпы сомасы 13 миллион теңге айыппұл салынды.

Айта кетейік, егер заң бұзғандар кінәсін мойындап, айыппұлды уақытылы төлесе, оларға 50 проценттік жеңілдік қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы