428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыға шетелден келген үш адамнан КВИ анықталды

  • 78
  • UPD: 14:09, 16.10.2020
Алматыға шетелден келген үш адамнан КВИ анықталды

Алматыда шетелден келген 3 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл жөнінде тиісті ведомства өкілдері хабарлады.

Олар Дубай-Алматы рейсімен келгендер екен. Осылайша әуежайдағы талап күшейтілгелі шетелден вирус әкелгендер саны 10-ға жетті. Олармен байланыста болған адамдарға қатысты профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілді. 15-16 қазан аралығында Алматыға 1 мың 529 адам келген. Олардың 232-сінде ПТР тест болмаған. Анықтамасы жоқ жолаушылардың барлығы карантиндік орталықтарға оқшауланды.

Хабар 24 телеарнасы