427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауылға ұтқыр интернет желісін тартуға салық жеңілдігін беру ұсынылды

  • 63
  • UPD: 14:08, 16.10.2020
Ауылға ұтқыр интернет желісін тартуға салық жеңілдігін беру ұсынылды

Ауыл-аймақтағы интернет неге нашар? Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Сенат қабырғасында өткен үкімет сағатында бұл түйткілдің бірқатар себебін түсіндірді.

Министр келтіргендей, интернет сапасын қадағалайтын нақты заңнамалық талаптар жоқ. Салдарынан интернет магистральдарына қол жеткізу қиын. Байланыс операторларының белгілі бір радиожиілікті пайдалануға лицензиясы болғанымен нақты жиіліктерді сатып немесе жалға ала алмайды. Сол себепті интернет сапасына қойылатын талаптар мен бақылауды күшейту ұсынылды. Сондай-ақ радиожиіліктерді қолданатын ұялы байланыс ұйымдарына төлемақының жылдық мөлшерлемесін 90 процентке қысқарта отырып, ауылдарда кең жолақты ұтқыр байланыс желісін салуға қаражат тарту үшін салықтық жеңілдіктер беру ұсынылды.

Хабар 24 телеарнасы