427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда өртенген сауда үйі қалпына келтіріледі

  • 99
  • UPD: 15:33, 16.10.2020
Павлодарда өртенген сауда үйі қалпына келтіріледі

Павлодарда өртеніп кеткен сауда үйінің қожайыны кәсіпкерлерге ғимаратты үш аптаның ішінде қалпына келтіруге уәде берді.

Сонымен қатар орталық әкімшілігі зардап шеккендерден сауда орны үшін екі ай бойы жалға алу құнын талап етпейтін болды. Ал кәсіпкерлер мен азық-түлік бөлімшелерінің иелері жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына көмектесуге әзір. Үш күндік талқылау нәтижесінде осындай шешім қабылданды. Жергілікті билік зардап шеккен азаматтарға сауданы жаңарту үшін екінші деңгейлі банктермен несие беру жөнінде келіскен.

Еске салсақ, облыс орталығындағы сауда үйі осыдан төрт күн бұрын өртенген еді. Қызыл жалын бір жарым мың шаршы метрге тарады.

Александр Стрюк, сауда орталығының басшысы:

- Алдағы екі ай бойы ғимаратты жалға алу қаражатын алмаймын. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарын жүргізуге уәде беремін. Сауда қайта жанданды.

Ержан Иманслям, қала әкімі:

- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес осындай мәселелер жалға беруші мен кәсіпкер арасында шешілуі керек. Қайғылы оқиға болды. Біз өз тарапымыздан қолдау көрсетуге тырысамыз. Шағын бизнес қамқорлық жасауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы