428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан халқының саны 18 млн 785 мың адамға жетті

  • 109
  • UPD: 15:42, 16.10.2020
Қазақстан халқының саны 18 млн 785 мың адамға жетті

2020 жылғы 1 қыркүйектегі мәліметтер бойынша еліміздегі халық саны 18785,0 мың адамды құрады.

Оның ішінде қалалықтар – 11066,2 мың (58,9%), ауылдықтар – 7718,8 мың адам (41,1%). Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

«2019 жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда халық саны 237,5 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп өсім еліміздің 3 өңірінде: Алматы (63,1 мың адам), Нұр-Сұлтан (50,0 мың адам) және Шымкент (31,8 мың адам) қалаларында тіркелді», - делінген.

Хабар 24 телеарнасы