430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда төрт мыңнан астам дәрігер жетіспейді

  • 93
  • UPD: 18:08, 16.10.2020

Елімізде 4 мың 122 медицина қызметкері жетіспейді. Төрт мыңнан астам маманның 58 проценті қалаларға, қалған 42 проценті ауылдарға қажет.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев айтты. Оның сөзінше, еліміздің медициналық мекемелеріне анестезиолог-реаниматологтар,  акушерлер және эпидемиологтар жетпейді. Маман тапшылығы, әсіресе Қостанай облысында айтарлықтай білініп отыр деді Қанат Төсекбаев. Бұдан бөлек, бұл мәселе Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл және Түркістан облыстарында өзекті.

Айта кетейік, қазір еліміздің медицина саласында 250 мыңнан астам маман жұмыс істеп жатыр. Оның 47 мыңы дәрігер болса, қалғаны орта медициналық қызметкерлер. 

Қанат Төсекбаев, ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры: 

- Жалпы дәрігерлердің жетіспеушілігі үнемі мониторингімізде болады. Ал қандай мамандықтар жетіспейтін болса, ең бірінші анастезиолог-реаниматолог (393 дәрігер), терапевт (346 дәрігер), лаборант (226), эпидемиологтар жеткіліксіз.

Хабар 24 телеарнасы