432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында аудан әкімінің орынбасары пара алу күдігіне ілікті

  • 150
  • UPD: 17:13, 16.10.2020
Ақмола облысында аудан әкімінің орынбасары пара алу күдігіне ілікті

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бір топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы пара алу күдігімен облыс ауданы әкімінің орынбасары мен «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Шенеуніктер 2 жер телімі бойынша жер пайдалану құқығын беру туралы оң шешім шығарғаны үшін кәсіпкерлік субъектісінен 800 мың теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді.

15 қазанда күдіктілер ұсталып, Көкшетау қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде. Тергеу жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы