432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да мал азығы бағасының шарықтауына не себеп

  • 119
  • UPD: 18:17, 16.10.2020
БҚО-да мал азығы бағасының шарықтауына не себеп

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында мал азығының бағасы өте қымбат, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шаруа қожалықтарына да, жекеге де оңай тиіп отырған жоқ. Жем-шөп бағасының бұлайша шарықтауына аудан аумағындағы өзен-көлдердің құрғап қалуы басты себеп. 70 мыңнан аса ірі қара мен 200 мыңдай қой-ешкісі бар аудан үшін жем-жөптен тарығу оңай емес. Қысқы мал азығын қамдау мәселесі әсіресе ауданға қарасты Қызылоба, Бірлік, Пятимар, Меңдешев және Жаңақала ауылдық округтерін қинап отыр. Шабындықтарда шөп болмаған соң мал азығы Шығырлау, Қаратөбе мен Сырым сол аудандарынан жеткізілуде.

Темірлан Шамұратов, шаруа қожалығының басшысы:

– Шөптің бағасы да қымбат, бастамада 10 мыңнан басқа аудандардан алдық. Шабындық жағы да қиын. Қырда шөп шығатын еді. Оны да биыл шаба алмай отырмыз, шықпаған соң. Былтырдан артық 30-40 пайыз малға жететіндей бар. Қалғанын малдың күйі келген соң көрші аудандардан алатын болармыз, жем де қымбат.

Абзал Ахметов, Жаңақала ауылдық округінің әкімі:

– Қазіргі таңда осы аудан орталығында бір ораманың бағасы – 6 мың теңге. Басқа өңірлерден, яғни Сырым, Қаратөбе ауданынан келіп жатыр. Оларда бір ораманың құны – 8 мың теңге. Халық та өзінің қаражатына байланысты алып жатыр. Бірақ біз ауылдық округі әкімшілігінде осы ауыл тұрғындарының тізімін жасақтап, өзіміздің құм өңіріндегі қожалықтардан келген шөпті 6 мың теңгеден үлестіріп жатырмыз. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарының 70 пайызы табиғи мал азығымен қамтамасыз етілді.

Хабар 24 телеарнасы