427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «Халық үні» жобасы жүзеге асады

  • 77
  • UPD: 20:27, 16.10.2020
Елімізде «Халық үні» жобасы жүзеге асады

Елде 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда көбінің аты бар, заты жоқ. Тек 5 мың ұйым ғана өз міндетін атқарып отыр. Ауыл-аймақтағы өзекті әлеуметтік мәселелердің шешілуіне азаматтық белсенділер мен түрлі ұйымдар үлес қосып келеді. Сондықтан нақты жұмыс істеп отырған ұйымдардың жобасын қолдау маңызды. Осы орайда, құқық қорғаушы Айман Омарова Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру мақсатында «Халық үні» жобасын қолға алды. Бұл жоба жергілікті атқарушы билік, үкіметтік емес ұйым және бизнестің бірлескен жобасы. Яғни әр сала мамандары өңірлерді аралап, халыққа кеңес береді. Олардың талап-тілегін тыңдап, әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысады. Аяқ жетпеген жерге онлайн форматта көмек көрсетеді.

Болат Тілепов, ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

– Үш жақты әріптестіктің бірегей көрінісі ғана емес, ауыл-аймақтағы қарапайым адамдардың мәселелерін шешудің, осы арқылы ел Президенті жариялаған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының орындалуының бірден-бір үлгісі болады деген үімттеміз. Атап айту керек, қазіргі таңда осындай бастамаларды көтеріп жүрген азаматтар да, қоғамдық ұйымдар да жетерлік. Мемлекет қолдау көрсетеді. Десе де, мұндай істерге кәсіпкерлердің араласуының маңызы зор.

Хабар 24 телеарнасы