427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандағы көпсалалы ауруханаға соңғы үлгідегі оттегі құрылғылары алынды

  • 109
  • UPD: 22:25, 16.10.2020
Талдықорғандағы көпсалалы ауруханаға соңғы үлгідегі оттегі құрылғылары алынды

Талдықорғандағы көпсалалы ауруханаға оттегі терапиясына арналған соңғы үлгідегі жаңа құрылғылар алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – ауа жетіспеуінен зардап шегетін науқастар үшін үлкен көмек. Ол оттегі концентраторлары және өкпені жасанды желдету аппараттарымен қатар қолданылады. Артықшылығы, оттегіні жеткізу жылдамдығын өзі реттеп отырады. Бағасы да қолжетімді. Сондықтан өңірдегі барлық аудандық аурухана осындай медициналық құрылғылармен қамтамасыз етіледі. Онымен жұмыс істейтін дәрігерлер қазір арнайы дайындықтан өтіп жатыр. Әзірге Алматы облысында 400-ден астам өкпені жасанды желдету аппараты және оттегі концентраторы бар. Ауруханалардың жанынан 12 оттегі станциясы жасақталған.

Жұмахан Молдақұлов, қалалық көпсалалы ауруханасының директоры:

– Оттегіні берген кезде өзге аппаратпен оттегі келіп жатады. Оның концентрациясын қадағалау қиын. Ал бұл аппарат оттегі концентрациясын ұлғайтып береді. Оның негізгі мақсаты – науқасты ИВЛ-ға ауыстырмау.

Хабар 24 телеарнасы