432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да балабақша карантинге жабылды

  • 123
  • UPD: 20:01, 16.10.2020
БҚО-да балабақша карантинге жабылды

Балабақшадан коронавирус шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қауіпті дерт Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында тәрбиешінің көмекшісінен анықталған. Науқас тұмау белгісімен емханаға қаралған екен. Соңында ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы оның вирус жұқтырғанын көрсеткен. Осыған байланысты балабақшада дезинфекция жүргізілді. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығынан сынама алынды. Бөрлі аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен балабақша карантинге жабылды.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Бөрлі ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен осы аталған балабақша карантинге жабылған болатын. Балалардың барлығы да үйлерінде оқшауланып ПТР тесті алынуда, зерттеу жұмыстары жүргізілуде. БҚО-да эпидемиологиялық ахуал коронавирус жұқпасына бірқалыпты деп айтуға болады. Өткен тәулікте облысымызда 5 жағдай тіркелген, оның екеуі белгілері пайда болса, 3 жағдайда сырттан әкелінген болып есептеледі, яғни РФ-сынан шекарасынан өткен азаматтар.

Хабар 24 телеарнасы