428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үйлену тойында жұртты тәртіпке шақырған жалған полицей жауапқа тартылады

  • 112
  • UPD: 20:01, 16.10.2020
Үйлену тойында жұртты тәртіпке шақырған жалған полицей жауапқа тартылады

Карантин қылжаққа айналды. Қарағанды облысының Жаңарқа ауданында киіз үйде болып жатқан үйлену тойына полиция киімін киген белгісіз азамат кіріп келіп, жұртты тәртіпке шақырған.

Санитарлық талаптың сақталмағанын айтып, той иелеріне шүйлігеді. Бірақ артынша сөзін әзілге айналдырып, жұрттан қошемет сұрайды. Сөйтсе бұл асабаның кезекті шоуы екен. Әлеуметтік желіге тарап кеткен бұл бейнежазбадан соң, тәртіп сақшылары оны іздеуге кіріскен. Жалған полицей енді жауапқа тартылады.

Жанатай Сембеков, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

– Қазіргі уақытта жалған полицейді ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 675-бабына сәйкес, яғни айырым белгілері бар нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту сұрағы қарастырылуда. Сондай-ақ той иесіне де қатысты ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 425-бабына сәйкес жиналған материалдар шешім қабылдау үшін СЭС-ке жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы