427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай халықаралық әуежай басшысына айыппұл салынды

  • 88
  • UPD: 21:04, 16.10.2020
Қостанай халықаралық әуежай басшысына айыппұл салынды

Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес көлік полицейлері «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ объектісін тексеру барысында мекеме басшысының өзіне сеніп тапсырылған нысанның терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны анықталды.

Бұл туралы Департаменттің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Әлімов айтты.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде полиция қызметкерлері тексеру актісіне сәйкес, ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабының 1-бөлігімен, яғни, террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

Аталған әкімшілік іс Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

«14 қазан күні жоғарыда аталған сотпен «Қостанай» халықаралық әуежайы АҚ басшысы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 70 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды», - деді Е.Әлімов.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы