428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


114 қауырт желісі дін төңірегіндегі сауалдарға жауап береді

  • 115
  • UPD: 21:30, 16.10.2020
114 қауырт желісі дін төңірегіндегі сауалдарға жауап береді

Елде діни сауалдарға жауап беретін 114 қауырт желісіне күніне 30-40 қоңырау шалынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көбінесе діндар адамдар мен қарапайым адамдардың қарым-қатынасы, бала тәрбиесіндегі діннің рөлі, исламдағы неке және дәстүр төңірегіндегі сұрақтар. Тағы бір көп қозғалатын мәселе – пандемия кезінде діни рәсімдерді орындауға қатысты. Кейбір жағдайларда деструктивті ағымдардың, түрлі секталардың тікелей ықпал етіп жатқаны жайлы хабарлап, көмек сұрайтындар да кездеседі дейді орталық мамандары. Қауырт желі тамыз айында іске қосылған. Сұрақтарға дінтану және исламтану саласындағы сарапшылар, оңалту орталықтарының мамандары жауап береді. Айта кетейік, 114 сенім телефонына қоңырау шалу тегін.

Асхат Байтөре, 114 қауырт желісінің бас маманы:

– Күйеуі басқа дінге кіріп кетіп, оны қалай қайтарсам болады деген немесе басқа дінге кіргім келеді, досым басқа дінге кіріп кетті, қалай шығарсам болады деген сұрақтар қояды. Біз оны көбіне заңды түрде болатын болса, заңгерге немесе психологиялық көмек болатын болса, осы Алматы қаласындағы ең мықты психолог мамандарға қосып береміз.

Хабар 24 телеарнасы