427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында 19 қазаннан бастап карантин талаптары күшейтіледі

  • 143
  • UPD: 09:47, 17.10.2020

Қазанның 19-ынан бастап барлық сауда үйлеріне, ойын-сауық орталықтарына, дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарына бейнекамера орнатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, санитар дәрігерлер ондағы жағдайды онлайн жүйесінде бақылап отырмақ. Егер заңбұзушылық анықталса, бірден жазаланады. Сондай-ақ подъезд, жеделсаты, паркингтерді тәулігіне екі мәрте, ал балалардың ойын алаңдарын күніне бір рет зарарсыздандырып отыру қажет. Егер мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері 30 адамнан асқан жағдайда 50%-і қашықтықтан жұмыс жасауға көшу керек. Сондай-ақ көршілес облыстарда аурудың өршуіне байланысты өңір аумағына 8 санитарлық бекет қойылмақ.

Айта кетейік, мобильді топ осы күнге дейін 17 мың нысанға тексеріс жүргізген. Нәтижесінде карантин режимін сақтамаған 970 нысанның қожайынына 101 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Айгүл Шатекова, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің ресми өкілі:

- Өнеркәсіптік кәсіпорындарда, автовокзалдарда және автостанцияларда стационарлық тепловизорларды және ақылды бейнебақылау орнату туралы мәселе шешілу үстінде. Автобустар мен маршруттық көліктерді қарбалас сәттерде біркелкі толтыру мақсатында ұйымдар мен органдардың сараланған жұмыс кестелерін анықтау қажет. Өнеркәсіптік кәсіпорын басшыларына міндетті түрде кәсіпорын қызметкерлерін тасымалдауды ұйымдастыру ұсынылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы