427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік құтқарушыларға жаңа өрт сөндіру техникасы табыс етілді

  • 83
  • UPD: 08:45, 17.10.2020
Шымкенттік құтқарушыларға жаңа өрт сөндіру техникасы табыс етілді

Шымкентте ҚР Азаматтық қорғау саласының 25 жылдығына орай қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарына арналған су жаңа техникалар табыс етілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар 31 автокөліктің кілтіне ие болды. Бұл жаңа техникалар мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында сатып алынған. Қызметтік көліктердің жалпы құны 4 млрд теңгеден асып жығылады. Қазір шаһардағы әкімшілік-іскерлік орталығында 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Нұрболат Дербісов, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:

- Бұл біздің гарнизонда бұрын-соңды болмаған техникалар. Қазір қала мегаполис болып көп қабатты ғимараттар көп соғылып жатыр. Мұндай ғимараттар соғылғаннан кейін біздің де болуы мүмкін деген қауіпсіздікті сақтауымыз керек. Қазіргі таңда техникамыз 32%-ті құрап отырған еді бұған дейін. Енді 75%-ті құрап отыр. Біз 2-3 жылда 100% бен қаланы толық қамтимыз.

Хабар 24 телеарнасы