432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да айдың аяғына дейін шектеу шаралары енгізіледі

  • 136
  • UPD: 10:46, 17.10.2020
ШҚО-да айдың аяғына дейін шектеу шаралары енгізіледі

«Шығыс Қазақстан облысында 17 қазаннан 31 қазанға дейін өзіндік шарттармен шектеу шаралары енгізіледі.

Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалалары мен аудандардың периметрі бойынша шектеуді сақтау қажет. Көпшілік демалатын орындарға, яғни скверлер, саябақтар, алаңдар, жағалаулар, серуендеу аймақтарында жеке немесе бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан аспауы қаже», - деп хабарлайды ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Гүлайым Тағаева. Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, митингілерді, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынған. Ойын-сауық мекемелерінің, мысалы караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар жұмысына тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы