429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанға келген 276 жолаушы карантинге жатқызылды

  • 117
Қазақстанға келген 276 жолаушы карантинге жатқызылды

Қазақстанға келген 276 жолаушы карантинге жатқызылды.

17 қазанға қараған түні елімізге 16 әуе рейсі келді. Оларда жалпы 1527 жолаушы болған, оның ішінде коронавирусқа анықтамасы бар – 1251, анықтамасы жоқ - 276.

Оның ішінде:

- Нұр-Сұлтанда алты рейс, жалпы 656 жолаушы, анықтамасы бар - 528, анықтамасы жоқ - 128;

- Алматыда - тоғыз рейс, 764 жолаушы, анықтамасы бар - 622, анықтамасы жоқ-142;

- Ақтауда - бір рейс, 107 жолаушы, анықтамасы бар - 101, анықтамасы жоқ - алты.

«Қазақстандықтардың 82%-і анықтамамен келген. Коронавирусқа анықтамасы жоқ адамдар ПТР тесттен өту үшін екі күндік карантинге жатқызылды», - деді көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

 

Хабар 24 телеарнасы