427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында карантин күшейтілді

  • 106
  • UPD: 13:45, 17.10.2020
Алматы облысында карантин күшейтілді фото: kt.kz

Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов 19 қазаннан карантинді қатайту туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, облыс бойынша сыйымдылығы 50-ден астам қоғамдық тамақтану объектілерінің (асханалар, дәмханалар, кофеханалар, мейрамханалар және басқа да мекемелер) жұмысы тоқтатылады.

Саны 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы, сондай-ақ барлық ойын-сауық объектілерінің – түнгі клубтардың, көрмелердің, бильярд және компьютерлік клубтардың, балалар ойын алаңдарының, жабық үй-жайлардағы батуттардың және басқа да ойын-сауық мекемелерінің жұмысы тоқтатылады.

Қоғамдық көліктерге сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін кестеге сәйкес, 6:00-ден 10:00-ге дейін және 17:00-ден 20:00-ге дейін қарбалас сағаттарда 5 минуттан аспайтын рейсаралық интервалмен жолаушыларды тасымалдауға рұқсат етілген.

Сонымен қатар санитар дәрігердің қаулысымен бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жүруге тыйым салу, сондай-ақ 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу күшіне енеді.

Ойын-сауық спорттық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, естелік және салтанатты іс-шараларды өткізуге толық тыйым салынады.

Алматы облысы санитарлық дәрігерінің қаулысының толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқуға болады.

Хабар 24 телеарнасы