Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қалбатау – Майқапшағай тас жолы 25 қарашада іске қосылмақ

  • 65
  • UPD: 15:45, 17.10.2020
Қалбатау – Майқапшағай тас жолы 25 қарашада іске қосылмақ

Қалбатау – Майқапшағай тас жолын іске қосу қарашаның 25-іне межеленіп отыр. Бұл туралы біздің тілшілерімізге жобаға жауапты мамандар айтты, хабарлайды «Хабар 24».

Ұзындығы 415 шақырым болатын күре жол 2017 жылдан бастап «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында қайта жаңғыртылып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір ай бұрын Көкпекті ауданының тұрғындары көптеген учаскілерде жұмыстың тоқтап тұрғанын айтып, біздің арна тілшілеріне шағымданған. Тақырыпқа қайта оралып, оқиға орнында болып қайтқан арна тілшісі Болат Көкенайұлының репортажына назар аударыңыздар.

Болат Көкенайұлы, тілші:

- Өткен жолғы репортаждарымызда бұл жерде жұмыстың тоқтап тұрғанын айтқан болатынбыз.Техника мен адам саны көбейіп, жұмыс жандана түскен. Дегенмен, Қалбатаудан Боғасқа дейінгі 210 шақырымдық 5 участокта әлі де 450 адамның үштен бірі жетіспей жатыр.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарын ғана емес, Қытай мен Ресейді жалғап жатқан маңызды күре жолдың құрылысы еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты тоқтап қалғанын бұрын айтқанбыз. Қалбатау – Майқапшағай жобасының сапасына жауапты техникалық бақылау мекемесі өкілдерінің айтуынша, маман тапшылығынан өзге де мәселелер жеткілікті. Мәселен, айналма жолдарда 40 тонналық ауыр жүк машиналарына жүруге болмайды. Дегенмен, осы маңайдағы кен орындарының көліктері бұған пысқырмайды екен. Жол салушылар битум күтіп те ұзақ отырып қалған.

Мұрат Байжұманов, жобаның бас инженері:

- Павлодар бір ремонтқа жапты. Екіншіден, бағаны көтеріп жіберді. Үшіншіден, жетпей жатыр деген мәселемен битуммен бір жарым айдай біз жұмыс істей алмай қалдық, асфальт сала алмай қалдық. Енді міне, өздеріңіз көріп отырсыз, бүгін ғана 3 машина битум Павлодардан әкелді. Біздің алдымызда тұрған міндет – қарашаның аяғында, 25 қарашада автомашиналарды негізгі жолмен ғана жүргізу. Соған қазір дайындап жатырмыз. Өйткені мына жерде қыс өте қатты, әсіресе, Байбурадағы халықтың айтып отырған жағдайына байланысты.

Қазір мердігер компаниялар маман тапшылығын жойып, қысқа мерзім ішінде маңызды жолда қозғалысты қалпына келтіруді көздеп отыр. Ең алдымен көпірлер салуға күш салынуда. Тіпті екі ауысымдық жұмыс кестесі жасалған.

Қайдар Шайзадинов, Көкпекті ауылының тұрғыны:

- Көңіл толмайтын, халық қатты шағымданды. Сіздер келіп, «Хабар 24» телеарнасына үлкен рахмет! Одан кейін жұмыс жанданды. Қазіргі кезде жүріп жатқан жұмысқа көңіліміз толады. Өйткені көп жұмыстар істеліп жатыр. Бізде мына қыс қатты, қар қалың. Қар мынаның үстіне дейін шығып кетеді, 1 метрге дейін кейде. Ал астыңғы жолмен біз мына халықтар жүре алмайды. Мұнда тек Көкпекті халқы емес қой, ондаған мың халық жүреді. Егер де бітірсе, онда Аллаға шүкір, рахметтен басқа айтарымыз жоқ.

Бүгінгі таңда бұл жол құрылысына бөлінген 157 миллиард теңгенің 90 миллиарды игерілгенін атап өтейік. Жобаны толық аяқтау 2022 жылға жоспарланған.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Медет Өмірханов

Хабар 24 телеарнасы