428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда карантин шектеулері енгізіледі

  • 107
  • UPD: 17:47, 17.10.2020
Павлодарда карантин шектеулері енгізіледі

Павлодар облысында 18 қазаннан бастап бірқатар карантиндік шектеулер енгізіледі.

Қоғамдық тамақтану орындары, сауда орталықтары және азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты қысқартылады. Нақтырақ айтқанда, бұл нысандардың жұмысы екі сағатқа қысқартылады, яғни, сағат түнгі 22:00-ге дейін ашық болады. Бұл ережелер облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында көрініс тапты. Құжат аясында қызмет көрсету салаларының нысандарының жұмыс режимі өзгертілді. Сауна, монша, сұлулық салондары мен шаштаразтардың ғимараттары 30 процентке ғана толуы шарт. Қаулы аясында жексенбі күні қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылады. Яғни автобустар мен трамвайларда кешенді дезинфекциялық жұмыстар атқарылмақ.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

- Қаулы аясында демалыс күндері сауда орталықтары, жабық азық-түлік дүкендері мен өзге де сауда нысандарының жұмысына шектеу қойылады. Сонымен қатар бір күнге қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылады. Аймақта коронавирустық инфекцияға қатысты жағдай тұрақты, аздаған өсім бар. Бірақ шектеу шараларын енгізу қажет етіледі.

Хабар 24 телеарнасы