428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада өрт сөндіру депосы ашылды

  • 70
  • UPD: 17:46, 17.10.2020
Елордада өрт сөндіру депосы ашылды

Төрт қабатты нысан Байқоңыр ауданында қызмет етпек.

Бөлімнің жалпы ауданы 4 мың шаршы метр. 6 көлік орыны мен жоғарғы қабаттарында гарнизон қызметкерлеріне арналған жатақхана бар. Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына арналған шараға қала әкімі Алтай Көлгінов пен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин де қатысып, әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Эльдор Райымбеков, қалалық төтенше жағдайлар департаменті басқармасының аға офицері:

- Бүгінгі шара барлық құтқарушының еңбегі. Осындай мереке кезінде төтенше жағдай министрі, қала әкімі біздің қызметкерлердің ерен еңбегін байқап, қадағалап отырып, марапаттауға келіп, осы депоны ашып және жаңа техника беріліп жатыр. Бұл өзіміздің халқымызды, жерімізді қорғауға арналған қызмет деп санаймын.

Айта кеткен жөн, соңғы 15 жылда елде құтқару қызметіне арналған 31 нысан салынған. Оның ішінде 23-і өрт сөндіру депосы мен 8 құтқару станциясы бар.

Хабар 24 телеарнасы