428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында жыл соңына дейін 22 ауылға газ беріледі

  • 103
  • UPD: 23:01, 17.10.2020

Қордайда жыл соңына дейін 22 ауыл газдандырылады. Ауданда осыншама елді мекенді көгілдір отынмен бір жылда қамту бұрын-соңды болмаған жағдай.

Барлық жоба жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жүзеге асады. Көгілдір отын алғаш болып Қарасу мен Өтеген батыр ауылдарына берілмек.

Қарасу мен Өтеген ауылдарында табиғи көгілдір отын бұрын мүлдем болмаған. Биыл Жұмыспен қамтудың жол картасына еніп, газ тартылды. Бұл ауыл тұрғыны Сара Иманбаеваның жылдар бойы күткен арманы. Қақаған қыста көмір тасып, күл шығарып әбігерге түсетін. Енді бұл қиындықтар артта қалды дейді әжей.

Сара Иманбаева, Өтеген ауылының тұрғыны:

- Міне газымыз келіп қуанып жатырмыз. Мына сыртқа кеткен балаларымыздың барлығы енді ауылға келіп, бала-шағамыз келетін болды ауылға. Қуанып жатырмыз.

Жалпы ауданда 10 елді мекенді көгілдір отынмен қамту үшін 73 шақырымнан астам магистральді газ құбыры тартылды. Ал ауылішілік жұмыстар бірінші болып Қарасу мен Өтеген батыр ауылдарында аяқталған. Қазір мыңнан астам шаңыраққа газ жеткізіліп отыр. 

Рүстем Дәулет, Қордай ауданының әкімі:

- Осы үлкен жобаға 5,6 миллиард қаражат бөлініп, қазір барлық 10 елді мекенге негізгі магистральді газ құбырлары толығымен жеткізілді. Басқа да елді мекендерге тұрғындарды жекелеген үйлерді газға қосу жұмыстары ары қарай кезең-кезеңімен жалғасын тауып осы айдың соңына дейін толық қамтылатын болады. 

Бұған дейін Қордайдағы 41 елді мекеннің 12-сі ғана көгілдір отынмен қамтылған еді. Биыл желтоқсан айының соңына дейін 22 ауыл толық газдандырылады. Жоспар орындалса ауданның табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 83 процентке жетеді. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпіліс бермек. 

Авторлар: Руслан Бақытбекұлы, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы