428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлытауда санаулы күнде сапар орталығы ашылады

  • 121
Ұлытауда санаулы күнде сапар орталығы ашылады

Қазір нысанның құрылысы толық аяқталған. Тек маңайын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда киелі мекенге қыдырып келетін туристер үшін барлық жағдай жасалған. Ғимараттың ақпарат залында кәсіби мамандар қонақтарға Ұлытау туралы мағлұмат береді. Арнайы экраннан танымдық роликтерді тамашалауға болады. Ішінде қонақ үй, тіпті балаларға арналған ойын бөлмесі бар. Ал екінші қабатта орталық кітапхана мен мұражай орналастырылған. Орталық бір мезгілде 100 адамды қабылдай алады екен. Игі жобаны жүзеге асыруға қазынадан 500 миллион теңге қаржы бөлінген.

Бақтияр Қожахметов, «Ұлытау» ұлттық тарихи-табиғи қорық мұражайының директоры:

– Бірінші кезекте туристердің саны көбейеді. Оған уақыт керек. Ал келген туристерге сапалы қызмет көрсетеміз. Сонымен бірге жергілікті халыққа жұмыс орындары ашылады, жергілікті бюджетке табыс көзі болады. Ұлытау – қасиетті, киелі жер. Әулиетауға зиярат етіп келген кісілерге бүкіл жағдай жасалады.

Хабар 24 телеарнасы