428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада екі күнде карантиндік шектеулерді бұзған 90 дерек тіркелді

  • 62
  • UPD: 17:37, 18.10.2020
Елордада екі күнде карантиндік шектеулерді бұзған 90 дерек тіркелді

Соңғы екі тәулікте елордада карантиндік шектеулерді бұзу бойынша 90 дерек анықталды, хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары мен санитарлық сала мамандары жұма мен сенбі күндері 400-ге тарта нысанды тексерген. Дәмхана, мейрамханаларда талаптар сақталмаған. Адамдар арасында арақашықтық жоқ. Музыканың даусы қатты шығып, жұрттың мазасын алған. Осындай бір ойын сауық орнына полиция өкілдері барып, карантинге қарамай би билеп, көңіл көтеріп жүрген бір топ адамды анықтады. Дәмхана қонақтары мен қызметкерлері әкімшілік жауапқа тартылды.

Хабар 24 телеарнасы