432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында пандемияның екінші толқынына дайындық жүріп жатыр

  • 135
  • UPD: 17:36, 18.10.2020
Алматы облысында пандемияның екінші толқынына дайындық жүріп жатыр

Алматы облысында пандемияның екінші толқынына дайындық жұмыстары жүріп жатыр, хабарлайды «Хабар 24».

Ақсу аудандық ауруханасының жанынан құрылған провизорлық орталық алғашқы толқында 180 науқасты қабылдады. 44 адам коронавирус инфекциясынан емделді. Қазір бұл медицина мекемесіндегі бөлімшелер қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. «Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайды. Мұнда 30 шақты оттегі концентраторы жеткізілді. «Қан анализаторы, өкпені жасанды желдету аппараттары да жеткілікті», - дейді мамандар.

Динара Ахметова, аудандық аурухана директорының орынбасары:

- Қазіргі таңда бізде инфекциялық 10 орын жұмыс жасап жатыр екінші деңгейлі. Егер де екінші толқын бастала қалған жағдайда біз тағы дайынбыз. Дәрі-дәрмек қоры 1,5 айға жеткілікті, қоймада ұстап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы